Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық екі балуан грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Айбек Айтбеков
Айбек Айтбеков. Фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айбек Айтбеков грек-рим күресінен 55 кг салмақта сынға түсіп, үшінші орын иеленді. Ол кіші финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировке бұйырды.

87 кг салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді. Тағы  бір қола медальді Грузия балуаны иеленген. 

Айта кетейік, екі қазақстандық балуан Юсуф Ашрапов пен Ислам Евлоев әлем чемпионатының финалына шықты. Юсуфтың финалдағы қарсыласы – ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад. Ал Ислам ақтық сында Түркия өкілі Альперен Бербермен белдеседі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2156898-qazaqstandyq-eki-baluan-grek-rim-kuresinen-alem-chempionatynyng-qola-zhuldegeri-atandy/