Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юсуп Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Юсуп Ашрапов
Юсуп Ашрапов. Фото: Olympic.kz

Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық балуан Юсуп Ашрапов финалдық кезеңде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Грек-рим күресінен 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан Юсуп Ашрапов финалдық кезеңде ирандық Ахмадреза Мохсен Нежадпен белдесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Юсуп Ашрапов бұл біріншілікте Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түскен болатын.

Испаниядағы әлем чемпионатында күрескен тағы үш қазақстандық балуан Айбек Айтбеков (55 кг), Оңдасын Хамитов (60 кг) және Темірлан Тұрдақын (87 кг) қола жүлде жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2157282-iusup-ashrapov-grek-rim-kuresinen-alem-chempionatynyng-kumis-zhuldegeri-atandy/