Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық пара дзюдошы алтын жүлдеге таласады

Жарияланған күні:

Ерғали Шамей мен бапкері
Ерғали Шамей мен бапкері. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Пара дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ерғали Шәмей Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

J1 санаты бойынша 73 келідегі қазақстандық спортшы Ерғали Шәмей жартылай финалдық кездесуде Германия спортшысы Ленарт Сассты 10:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді Астана уақыты бойынша 19:00-ден кейін ақтық сында румыниялық спортшы Флорин Александру Бологамен алтын медальді сарапқа салады.

Еске салайық, кеше, 5 қыркүйек Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында Ақмарал Науатбек финалдық кезеңде сынға түсті. Ол финалда тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинетпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошы 10:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.

Айта кетейік, қазақстандық Зульфия Габидуллина Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиадада S4 санатында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалға жолдама алды. Финалдық сайыс бүгін, 6 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де өтеді.

Ерғали Шамей мен бапкері
Ерғали Шамей мен бапкері. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ерғали Шамей
Ерғали Шамей. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2158299-tagy-bir-qazaqstandyq-para-dziudoshy-altyn-zhuldege-talasady/