Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Даяна Федосова
Даяна Федосова. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола медалі үшін күресте қазақстандық дзюдошы Даяна Федосова сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында пара дзюдодан J2 санаты бойынша 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Даяна Федосова қола медаль үшін белдесуде бақ сынады. Қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін таласта түркиялық Дендю Ешилюртпен кездесіп, 11:0 есебімен жеңді

Дендю Ешилюртпен 2022 жылы Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алған. Сондай-ақ 2023 жылы Роттердамда өткен Еуропа чемпионатында топ жарған.

Даяна Федосова Париждегі Паралимпиаданың ширек финалында бразилиялық Лусия Араужоны 10:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Жапония өкілі Дзюнко Хиросэден 0:10 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2158354-daiana-fedosova-paralimpiadanyng-qola-zhuldegeri-atandy/