Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерғали Шәмей Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Ерғали Шәмей
Ерғали Шәмей. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының финалында қазақстандық дзюдошы Ерғали Шәмей сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында пара дзюдодан J1 санаты бойынша 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ерғали Шәмей финалдық бәсекеде бақ сынады. Қазақстандық дзюдошы финалда румыниялық Алекс Бологамен кездесіп, 0:10 есебімен жеңіліс тапты.

Ерғали Шәмей Париждегі Паралимпиаданың ширек финалында франциялық Арминдо Родригесті 10:0, жартылай финалда германиялық Леннарт Сассты 10:1 есебімен жеңді.

Алекс Болога 2016 жылғы Риодағы Паралимпиада мен 2020 жылғы Токиодағы Паралимпиада ойындарында қола жүлде еншілеген болатын.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2158371-ergali-shamei-paralimpiadanyng-kumis-zhuldegeri-atandy/