Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: Қазақстан қоржынына сегізінші жүлде түсті

Жарияланған күні:

Қазақстандық пара дзюдошы Зарина Раифова
Қазақстандық пара дзюдошы Зарина Раифова. Фото: instagram.com/kaz_para_judo

Қазақстандық дзюдошы Зарина Раифова Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Зарина Раифова J2 cанаты (көру қабілеті нашар спортшылар) бойынша +70 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол үшінші орынға таласта Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері италиялық Каролина Костамен кездесті. Бұл белдесуде италиялық дзюдошы үш рет шидо ескертуін алып, жеңіліп қалды. Осылайша, қола жүлдені Зарина Раифова еншіледі.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен сегізінші медаль. Осыған дейін пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, оқ атудан Еркін Ғаббасов, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, дзюдодан Ерғали Шәмей күміс, ал жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков және дзюдодан Даяна Федосова қола жүлде жеңіп алды.

Айта кетейік, Зарина Раифова Паралимпиаданың ширек финалында қытайлық Ван Хонгюдан 10:0 есебімен жеңіліп қалған еді. Кейін жұбаныш белдесуінде аустралиялық Тейлор Госенсті жеңіп (10:0), қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2158594-paralimpiada-2024-qazaqstan-qorzhynyna-segizinshi-zhulde-tusti/