Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындары: қазақ күресінен 5 спортшымыз алтын медаль үшін белдеседі

Жарияланған күні:

Қазақ күресі
Қазақ күресі. Фото: instagram.com / ulttyqatsport.kz

Қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы көшпенділер ойындарының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 10 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында балуандар қазақ күресінен сынға түсті.

Ерлер арасында бақ сынаған Ерсұлтан Мұзаппаров (100 кг) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалдық кезеңге жолдама алды. Ал 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерасыл Жанатаев қола медаль үшін белдеседі. 82 кг дейінгі салмақта сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы айналымнан аса алмады.

Әйелдер арасында ел намысын қорғаған спортшыларымыздың ішінен үшеуі алтынға таласады. Зарина Сарипова (65 кг), Роза Нысантайқызы (70 кг), Зәмзәгүл Файзолланова (77 кг) финалға шықты. Ал Альбина Бахиева (+77 кг) қола жүлде үшін таласады.

Кеше, 9 қыркүйекте қазақ күресінен сынға түскен 8 қазақстандық балуан алтын жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2159755-koshpendiler-oiyndary-qazaq-kuresinen-5-sportshymyz-altyn-medal-ushin-beldesedi/