Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз халқының ұлттық спорты кураштан қазақстандықтар 13 жүлде еншіледі

Жарияланған күні:

Кураштан жүлдегер атанған спортшылар
Кураштан жүлдегер атанған спортшылар. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз халқының ұлттық спорты кураштан медальдар сарапқа салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан екінші жарыс күні аяқталды. Екінші жарыс күнінің қортындысы бойынша қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды.

Кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның төртеуі ақтық сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Марат Нигматуллаев (60 кг) пен Әділет Ахметғали (73 кг) қола жүлде еншіледі.

Ал Ернұр Сүлейменов (60 кг), Айбек Қазақбаев (66 кг) және Нұрдін Шаймерден (73 кг) күміс медаль иеленді.

Әйелдер арасындағы сайыста Алтынай Нұрханова (57 кг) қолаға қол жеткізсе, Толғанай Абеуова (57 кг) күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық 6 спортшы кураштан жартылай финалға жолдама алып, үшеуі ақтық сында бақ сынады. Ал жалпы кураштан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 6 күміс 6 қола жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2159830-qyrgyz-halqynyng-ulttyq-sporty-kurashtan-qazaqstandyqtar-13-zhulde-enshiledi/