Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоржынымызда екі алтын: қазақстандық дзюдошылар Гран-при турнирінде топ жарды

Жарияланған күні:

Шерзод Давлатов
Шерзод Давлатов. Фото: ijf.org

Хорватияның Загер қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық спортшылар екі алтын медальге қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хорватияның Загреб қаласында өткен бұл турнирде қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов (60 кг) пен Жанарыс Рахметқали (66 кг) алтын медаль еншілесе, Ғалия Тыныбаева (48 кг) күміс жүлде иеленді.

Ал жарыстың соңғы күнінде сынға түскен Ақерке Рамазанова (+78 кг) жұбаныш белдесуінде аустриялық Мария Холвартқа есе жіберіп, жүлдеден құр алақан қалды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасты. Ал 4 алтын, 1 қола иеленген Жапония құрамасы көш бастаса, 2 алтын, 1 күміс, 5 қоланы қанжығасына байлаған Франция 2-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Хорватияның Загреб қаласындағы Гран-при турнирі 13-15 қыркүйек аралығында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2161686-qorzhynymyzda-eki-altyn-qazaqstandyq-dziudoshylar-gran-pri-turnirinde-top-zhardy/