Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мағжан Шамшадин бастаған қазақстандық дзюдошылар әлемдік Grand Slam турниріне қатысады

Жарияланған күні:

Мағжан Шамшадин
Мағжан Шамшадин. Фото: ijf.org

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam турниріне қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

11-13 қазан аралығында болатын жарыста ерлерден 9, қыздардан 3 дзюдошы Қазақстан намысын қорғайды.

Қазақстан құрамы төмендегідей: 

Ерлер:

  • 60 кг: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов;
  • 66 кг: Әділбек Берікұлы;
  • 73 кг: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді;
  • 81 кг: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев;
  • 100 кг: Әділет Сапарғалиев;
  • +100 кг: Мәди Еділбаев.

Әйелдер:

  • 63 кг: Есмигүл Куюлова;
  • + 78 кг: Назгүл Маратова, Карина Такиева.

Еске салайық, Гран-при чемпионы атанған қазақстандық екі дзюдошы әлемдік рейтингте бірнеше сатыға көтерілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2163513-magzhan-shamshadin-bastagan-qazaqstandyq-dziudoshylar-alemdik-grand-slam-turnirinde-baq-synaidy/