Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмарал Науатбек: Әбиба мен Галбадрахты жеңген кезім есімде

Жарияланған күні:

Ақмарал Науатбек
Ақмарал Науатбек. Фото: youtube.com/@elimaikz

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек YouTube желісіндегі "Жанкүйер" подкастына берген сұқбатында қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналист сұқбат барысында Ақмарал Науатбекке: "Галбадрахты жеңген жалғыз қазақ қызы, Әбибаны да жеңген спортшы деп сізді мақтап жатады. Сол күрестеріңіз есіңізде ме?" - деп сұрақ қойды.

"Иә, әрине, есімде. Бірақ қазір көп салыстырып жатыр. Қазіргі уақытта бұл салыстырулар орынсыз деп санаймын. Себебі мен пара дзюдодамын, ал Әбиба дзюдода.

Әбибаның дзюдоға қосқан үлесі зор. Иә, мен пара дзюдодан чемпион болдым, алтын медаль жеңдім, бірақ Әбибаның да еңбегі зор. Бұрынғы іс болды, кетті", - деді Ақмарал Науатбек.

Сондай-ақ Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек жетістікке жету үшін үлкен бәсекелестік қажет екенін де айтты.

"Үлкен бәсекелестік – үлкен жетістіктерге алып келеді. Әрдайым шыңдаласың. Мен әрдайым ер балалармен жаттығу жасаймын. Ер балалармен күресемін. Менің спарринг әріптесім – ұл бала. Оның салмағы 60 кг болды. Осы бағытта жаттығу жасағандықтан, маған жарыста жеңіл болды", - деп пікір білдірді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында сынға түсіп, финалда франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2163864-aqmaral-nauatbek-abiba-men-galbadrahty-zhenggen-kezim-esimde/