Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демеу Жадыраев спорттық мансабына қатысты қандай шешім шығарғанын айтты

Жарияланған күні:

Нао Кусака мен Демеу Жадыраев арасындағы финалдық бәсеке
Нао Кусака мен Демеу Жадыраев арасындағы финалдық бәсеке. Фото: Ayman Aref/NurPhoto via Getty Images

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алдағы спорттық мансабына қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балуанның айтуынша, ол әлі нақты шешім қабылдамаған.

"Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім. Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын. Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым", - деді Демеу Жадыраев.

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 келі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің финалында Демеу Жадыраев жапон балуаны Нао Кусакамен күресті. Олимпиада алтынына таласта Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2165268-demeu-zhadyraev-sporttyq-mansabyna-qatysty-qandai-sheshim-shygarganyn-aitty/