Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Талғат Орынбасар
Талғат Орынбасар. Фото: olympic.kz

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

60 келіге дейінгі салмақтағы жас спортшылар арасында ширек финалға қазақстандық Талғат Орынбасар шыққан.

Жартылай финал үшін таласта ол тәжікстандық Лоика Кудбудиновпен белдесті. Негізгі бөлімде жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Ал қосымша уақытта (golden score) Орынбасардың қарсыласы иппон әдісімен жеңіске жетті. 

Десе де қазақстандық дзюдошы қолаға таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Алдағы уақытта ол жұбаныш айналымда италиялық Винченцо Манферлотимен шаршы алаңда белдесетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2168740-qazaqstandyq-baluan-alem-chempiondatynyng-shirek-finalynda-zhengilip-qaldy/