Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

Жарияланған күні:

Азат Күмісбай
Азат Күмісбай. Фото: ijf.org

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан командасының өкілі Азат Күмісбай Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық дзюдошы Азат Күмісбай ел қоржынына қола жүлдені салды. 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол қола медаль үшін таласта Тәжікстан спортшысы Сунатулло Мусоевтан басым түсті.

Бұған дейін қазақстандық Талғат Орынбасар 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Айта кетейік, Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты 7 қазанға дейін жалғасын табады. Бұл додаға әлемнің 67 елінен 531 жас татами шебері өзара мықтыны анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2170002-qazaqstandyq-dziudoshy-alem-chempionatynyng-qola-zhuldesin-enshiledi/