Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбиба Әбужақынова Олимпиададан кейінгі бірінші жарысын сәтсіз бастады

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

48 кг дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында ресейлік спортшы Марина Воробьевамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік Марина Воробьева мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Әбиба Әбужақынова енді жұбаныш айналымында бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 кг дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2173152-abiba-abuzhaqynova-abu-dabidegi-turnirde-kutpegen-natizhege-tap-boldy/