Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық дзюдошы Қазақстан қоржынына қола медаль салды

Жарияланған күні:

Дәурен Суюкенов
Дәурен Суюкенов. Фото: instagram/qaz_team_official

Қазақстандық балуан Дәурен Суюкенов Abu-Dhabi Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дзюдошымыз Дәурен Суюкенов (60 кг) Абу-Даби қаласында (БАӘ) басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыстың қола медалін жеңіп алды. Ол өз салмағындағы кіші финалда отандасы Мағжан Шамшадиннен басым түсті. Бұл Дәуреннің Үлкен дулыға санатындағы жарыстағы 3-қола жүлдесі.

Айта кетейік, Дәурен жұбаныш белдесуінде Камолиддин Бахтиоровты (Өзбекстан) ұтқан. IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2173300-tagy-bir-qazaqstandyq-dziudoshy-qazaqstan-qorzhynyna-qola-medal-saldy/