Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақ балуандары кім

Жарияланған күні:

Исхар Құрбаев
Исхар Құрбаев. Фото: United World Wrestling

Албанияның Тирана қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық грек-рим күрес шеберлерінің есімдері белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшелері Албанияның Тирана қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Аталмыш әлемдік додада Қазақстанның намысын келесі спортшылар қорғайтын болады:

  • Исхар Құрбаев (55 кг дейінгі салмақта);
  • Ержет Жарылқасын (63 кг дейінгі салмақта);
  • Мейіржан Шермаханбет (72 кг дейінгі салмақта);
  • Евгений Поливадов (82 кг дейінгі салмақта).

Айта кетейік, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионаты Албанияның Тирана қаласында 28-31 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2173831-grek-rim-kuresinen-alem-chempionatynda-baq-synaityn-qazaq-baluandary-kim/