Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос қазақстандық финалда кездесті: дзюдошыларымыз әлем чемпионатын сәтті бастады

Жарияланған күні:

Нұрқанат Серікбаев пен Шерзод Давлатов
Нұрқанат Серікбаев пен Шерзод Давлатов жеңіс тұғырында. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Дзюдодан әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дзюдодан әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Аталмыш бәсекеде 60 кг дейінгі салмақта қос қазақсатндық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев пен Шерзод Давлатов финалдық кезеңде жолықты. Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев жерлесі Шерзод Давлатовты қосымша уақытта жеңіп кетті.

66 кг дейінгі салмақта Жанарыс Рахметқали Солтүстік Корея өкілі Ри Кум Сонгтан айласын асырды. Ал, 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Бақытжан Абдурахманов Армения спортшысы Артак Торосяннан басым түсті.

Айта кетейік, бұл жарыста 29 мемлекеттен келген 214 спортшы бақ сынап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2175321-qos-qazaqstandyq-finalda-kezdesti-dziudoshylarymyz-alem-chempionatyn-satti-bastady/