Күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Лаура Ғаниқызы Тиранада (Албания) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесуінде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Лаура Ғаниқызы 50 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Жапония өкілі Уми Итомен кездесті.
19 жастағы қазақстандық балуан қыз қарсыласынан 0:10 есебімен мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Бұл салмақтағы алтын медальді финалда америкалық Сейдж Мортимерден басым түскен ресейлік Наталья Пудова жеңіп алды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бірде-бір спортшы медаль еншілей алмады. Ертең, 25 қазанда өтетін жарысқа қазақстандық еркін күрес шеберлері қатысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2178725-qazaqstandyq-baluan-qyz-alem-chempionatynyng-qola-zhulde-ushin-beldesuinde-zhengilis-tapty/