Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан (97 кг) Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ризабек Айтмұхан (97 кг) Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевті (Бейтарап атлет) 7:4 есебімен ұтты.

Финалдық кезең ертең, 27 қазанда өтеді.

Тағы бір қазақстандық балуан Алан Оралбек (57 кг) Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медалі үшін сынға түседі.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2179050-rizabek-aitmuhan-alem-chempionatynyng-finalyna-zholdama-aldy/