Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын Албания астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ақтық сынына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық бозкілем шебері 63 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Садық Лалаевты таза жықты.
Биыл Бішкекте осы салмақта Азия чемпионы атанған Ержет финалда Нихад Захид Мамадлимен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Жарлықасын осыған дейін іріктеуде Польша және Франция өкілінің жауырынын жерге тигізген.
"Белдесу біз ойластырған сценариймен өтті. Ертең елге алтын медальмен оралуға барымды салам", - дейді Ержет Жарлықасын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2179785-albaniia-astanasynda-otip-zhatqan-kuresten-alem-chempionatynda-qazaqstandyq-baluyna-finalga-shyqty/