Қазақстандық Жәмиля Бақбергенова Тиранада (Албания) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
72 кг дейінгі салмақта сынға түскен Жәмилә Бақбергенова финалда жапониялық Ами Исиимен кездесті.
Нәтижесінде қазақстандық спортшы Жәмилә Бақбергенов жапониялық қарсыласына 6:8 есебімен есе жіберіп қойды.
Айта кетейік, бұл 28 жастағы бозкілем шебері Жәмилә Бақбергенованың ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы төртінші медалі. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Сондай-ақ Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінің финалында әзербайжандық Нихад Захид Мамадлиден 1:6 есебімен жеңіліп қалып, күміс жүлде иеленген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2180907-zhamila-baqbergenova-alem-chempionatynyng-kumis-zhuldegeri-atandy/