Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының рейтингінде үздік үштікке енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен 72 кг салмақ дәрежесіндегі рейтинге 4-орыннан 2-орынға көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар. Осы салмақтағы тізімде жапон балуаны Ами Иши көш бастап тұрса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета түйіндеген.
Бақбергенова жақында Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген еді. Ол финалда рейтинг көшбасшысы Ами Ишиге есе жіберді.
Бұл 28 жастағы Жәмилә Бақбергенованың ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы төртінші медалі. Қазақ спортшысы 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасындағы жарыстан қола жүлдемен оралды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Тиранадағы әлем біріншілігін 1 алтын, 2 күміс медальмен аяқтаған болатын. Еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов (70 кг) алтын, әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова (72 кг) және грек-рим күресінен Ержет Жарлықасын (63 кг) күміс жүлде иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2183936-zhamila-baqbergenova-alemdegi-uzdik-ush-baluannyng-qataryna-kirdi/