Шілде айының 13-15 аралығында Петропавл қаласында әлем қазақ жастары арасында Сегіз сері Баһрамұлының 200 жылдығына орай өткізілген мини футболдан "Er Janibek Cup - 2018" халықаралық турниры өтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Биылғы жылы төрт мәрте өткізілген турнир Франция, Австрия, Дания, Түркия, Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және еліміздің бірнеше аймағынан 25 құраманың басын қосты.
Алғашқы күні қонақтар Қызылжардың көрнекті орындарымен танысты. Абылайхан резиденциясы, Облыстық өлкетану музейі, кешке арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
14 шілде іріктеу ойындары, 15 шілде финалдық сайыстар өтті.
Жалпы жүлде қоры 2 млн теңге болған турнирдың қорытындысында бірінші орынды иеленгендер бір млн теңгеге ие болды.
I, III орындарды – алматылық "Сауыр", "Бірлік керуен" құрамалары иемденсе, II орынды Бішкектен келген команда қанжығасына байлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1742629-segiz-seri-baramlyny-200-zyldygyna-oraj-futboldan-halykaralyk-turnir-tti-foto/