Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

FIFA 2018 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады

Жарияланған күні:

Халықаралық футбол федерациясы FIFA нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең үздік футболшысына үміткер 10 ойыншының тізімін жариялады деп хабарлайды oxu.az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: oxu.az
Көрнекі фото: oxu.az: UGC

Басылмының мәліметінше, бұл ойыншылар өздерін тек биылғы әлем чемпионатында ғана емес клубтық кезеңде де жарқын ойындарымен көзге түсіп, өздерін дәлелдей білген футболшылар екен.

Сонымен үміткерлердің қатарында: Үш франциялық Рафаэль Варан ("Реал), Антуан Гризманн ("Атлетико") және Килиан Мбаппе (ПСЖ), екі бельгиялық футболшылар Эден Азар ("Челси") мен Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити"), ағылшындық Харри Кейн ("Тоттенхэм"), хорватиялық Лука Модрич ("Реал"), мысырлық Мұхаммед Салах ("Ливерпуль"), португалиялық Криштиану Роналду("Ювентус") және аргентиналық Лионель Месси ("Барселона") бар.

Сондай-ақ, ФИФА Twitter-дегі өзінің ресми парақшасында маусымның үздік бапкері атағына үміткер 11 жаттықтырушынның есімін де атады. Олар:

Станислав Черчесов (Ресей)

Златко Далич (Хорватия)

Дидье Дешам ( Франция)

Хосеп Гвардиола (Манчестер Сити)

Юрген Клопп (Ливерпуль)

Роберто Мартинес (Бельгия)

Диего Симеоне (Атлетико)

Гарет Саутгейт (Англия)

Эрнесто Вальверде (Барселона)

Зинедин Зидан (Реал)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1744154-fifa-2018-zyldy-e-zdik-futbolsysy-atagyna-mitker-ojynsylardy-tizimin-zarialady/