Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Бауыржан Исламхан не себепті Біріккен араб әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін "Аль-Айн" клубына ауысқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.
"Аль-Айн" жейдесінде өнер көрсететінім үшін бақыттымын. Әрбір ойында клубтың намысын қорғау үшін барымды салуға уәде беремін. Мен бұның маңыздылығын жақсы түсінемін. "Аль-Айн" қайда болса да үлкен беделге ие ұжым. Дәл осы клуб 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтік "Реалға" қарсы жақсы ойын үлгісін көрсетті.
"Аль-Айн" Азия Чемпиондар лигасын жеңіп алған Біріккен араб әмірліктеріндегі жалғыз команда болып табылады. Мен осы ұжымның алға қойған мақсатына жетуі үшін бар күшімді саламын және жанкүйерлерін қуантқым келеді", - деп сөзін түйіндеді Тараз футбол мектебінің түлегі.
Қазақстан құрамасының капитаны жаңа клуб сапында алғашқы жаттығу жұмыстарына қатысып үлгерді.
Ол "Аль-Айн" сапындағы дебюттік матчын ертең өткізеді деп күтілуде.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.
Футболшы онда екі жолдастық кездесуге қатысып, қол голдық пастың иегері атанған.
Ресейлік клубтың алғашқы оқу-жаттығуы аяқталған соң, Исламхан Алматы қаласына ұшып кетті.
Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.
Қаңтар айының соңғы күндері "Зенит" клубы Бауыржан Исламханға қатысты шешім шығарды.
Осыдан кейін футболшының хорватиялық маман Иван Леко баптайтын "Аль-Айн" ұжымымен келісім шартқа отыру үшін Бірікке араб әмірліктеріне аттанып кеткенін хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1838900-islamhan-ne-sin-birikken-arab-mirlikterini-klubyn-tadaganyn-tsindirdi/