"Ақтөбе" мен "Атырау" командаларының ойыншылары футзалдан ұлттық чемпионат матчы кезінде жаппай төбелес шығарды деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Жаппай төбелес алаңда басталып, оған резервтегі ойыншылар да қосыла кеткен. Нәтижесінде "Атырау" шабуылшысы мен "Ақтөбе" голкипері әдепсіздік танытып, төрешілерге тіл тигізгендері үшін 5 матчқа дисквалификацияланды.
"Ақтөбе" бапкері де жазаланды - ол да спортшыларға лайық емес мінез көрсеткені және төрешіге тіл тигізгені үшін 5 матчқа шеттетілді.
Сонымен қатар, Федерацияның Бақылау-тәртіптік комитеті клубты жаппай төбелеске жол бергендері үшін жүз алпыс алты мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның ағзасынан тыйым салынған заттардың табылуына байланысты ойыннан шеттетілгені белгілі болды.
Допинг дауына байланысты Исламхан AFC матчтарынан да шеттетілді. Қазір ұйым екінші допингтің нәтижесін күтіп отыр.
Одан бөлек, Ресейлік ЦСКА клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов соңғы кездесу кезінде басына жасалған тізе соққысынан кейін есінен танып қалғаны хабарланған еді.
Футболшы матчты жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Васин шықты. Кейін ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко Бахтиердің қазіргі жағдайы туралы айтып берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1884488-aktbe-men-atyrau-ojynsylary-cempionat-matcy-kezinde-zaga-zyrtysty-video/