Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд елінің Гронинген қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойынын Финляндияға қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазақстан мен Финляндия арасындағы кездесу Мартини Плаза аренасында өтті.
Ел құрамасының бапкері Кака алғашқы минуттардан паркетке Игита, Тайнан, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов бастаған бестікті шығарды.
Ал Эдсон, Арнольд Кнауб, Жомарт Тоқаев, Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындық негізгі құрам ойыншыларын алмастырып отырды.
Матчтағы есепті Финляндия құрамасының ойыншысы Миика Хосио 13-минутта ашты.
Осыдан соң Қазақстан құрамасы шабуылдарын үдете түсті. Нәтижесінде бірінші таймның аяқталуына үш минут қалғанда Біржан Оразов есепті теңестірді.
Екінші таймды Финляндия өте жоғарғы қарқынмен бастап, 24-минутта Корпела құрамасын алға шығарды.
Араға бір минут салып Қазақстан қақпашысы Игита есепті теңестірді.
Осыдан кейін ел құрамасы голды қарша боратты.
Алдымен Арнольд Кнауб көзге түссе, содан кейін Біржан Оразов дубль авторы атанды.
Арнольд Кнауб 34-минутта есепті 5:2-жеткізсе, матчтың аяқталуына бір минут қалғанда Азат Валиуллин кездесудің нүктесін қойды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы тобында төрт ұпаймен көш бастады. Екінші орынды Италия мен Сербия бөлісіп тұр.
Топтық кезеңнің үшінші туры 28 қаңтарға жоспарланған. Ел құрамасы Италия қарсы ойнайтыны белгілі.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан Словениямен тең ойнады. Есеп 4:4.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1952760-europa-cempionaty-futzaldan-qazaqstan-quramasy-manyzdy-zeniske-qol-zetkizdi/