26 сәуірде "Манчестер Сити" және "Реал Мадрид" командалары арасындағы матч өтті. Ойын 4:3 есебімен "Манчестер Ситидің" пайдасына шешілді.
Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда ойынның 2-минутында есеп ашты. Голды Кевин Де Брейне соқты.
Одан әрі де матчта "Манчестер Сити" командасы басымдыққа ие болып, ойынның 11-минутында Габриэль Жезус екінші голды соқты, осылайша есептегі айырмашылық арта түсті.
Үшінші голды Карло Анчелотти жаттықтыратын команда соқты. Матчтың 33-минутында ойыншы Карим Бензема қарсыласының қақпасына сәтті шабуыл жасады. Осылайша есеп 2:1 болып, "Манчестер Сити" командасының пайдасына шешілді.
Содан кейін жергілікті команданың ойыншысы Фил Фоден қарсыласының қақпасына гол соқты.
Матчтың 55-минутында ойыншы Винисиус Жуниор 3:2 есебімен "Реал Мадрид" командасының пайдасына есепті өзгертті.
Кейін Гвардиоланың тағы бір ойыншысы гол соғып, осылайша матч 4:3 есебімен "Манчестер Сити" командасының жеңісімен аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1966932-manchester-city-real-madrid-cempiondar-ligasy-matcynyn-natizesi/