Футболдан Қазақстан командасы Ұлттар лигасының алғашқы екі турында қарсыластарынан басым түскен болатын. Осыдан кейін ел құрамасы УЕФА-ның екі рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы турда ел құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана арена" стадионында Әзербайжанмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Мачтағы екі голды шабуылшы Абат Айымбетов соқты.
6 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словакия құрамасын 0:1 есебімен ұтты.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев салды. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов берді.
Екі кездесуде де қақпасына гол жібермеген Қазақстан құрамасы төрт командамен бірге "құрғақ" матч рейтингінде көш бастады. Сонымен қатар Адиевтің шәкірттері сейв саны бойынша да бірінші орында тұр. Қазақстанмен алғашқы орындарды Гибралтар мен Хорватия бөлісуде.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі матчы Беларуське қарсы 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні өтеді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1973154-ulttar-ligasyn-zenispen-bastagan-qazaqstan-quramasy-eki-reitingte-kos-basyna-syqty-foto/