![Турнир Турнир](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/fbdae3facd135090.jpeg)
Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы футбол федерациясының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25-26 қыркүйек күндері "Қала күні" мерекесіне орай БАҚ өкілдері арасында "Taraz Cup 2022" қалалық ашық турнирі өткізілді.
![Турнир Турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/e4d80afc9ea0118c.jpeg)
Бүгін Таразда қала күніне орай ұйымдастырылған республикалық "TARAZ CUP-2022" турнирі аяқталды. Доп додасына еліміздің барлық өңірінен БАҚ өкілдерінен құралған 11 команда қатысты ("ATYRAU AQPARAT" (Атырау қаласы), Ақмешіт (Қызылорда қаласы), Алматы журналисттер құрамасы, Шымкент журналистер құрамасы, "Экспресс-К" (Астана қаласы), KHABAR-QURMAN (Астана қаласы), Voltman Kazmedia (Астана қаласы), SHYGYS (ШҚО), QAREKET (Жетісу облысы), "TARAZ-PRESS" (Тараз қаласы), "JAMBYL TV" (Жамбыл облысы). Жамбыл облысының намысын 2 команда қорғады.
![Турнир Турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/f0198b6acad071f9.jpeg)
Сайыс нәтижесінде "Алматы" құрамасы жүлделі ІІІ-орынды еншілесе, "Atyrau Aqparat" құрамасы ІІ-орынды иеленді. Ал, бас жүлдені елордадан келген "Kazmedia Voltman" командасы қанжығасына байлады.
![Турнир Турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/ac41a8b854d5e1ad.jpeg)
Сондай-ақ Үздік қақпашы – Нұрислам Ғұмар ( Atyrau Aqparat), Үздік ойыншы – Құмарбек Азат (Kazmedia Voltman), Үздік қорғаушы – Дәурен Берікқажы (Экспресс К), Үздік шабуылшы – Әділбек Жақанов (Ақмешіт), Үздік сұрмерген – Нарын Қалиев (Алматы құрамасы) атанды.
![Турнир Турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/d894e12d9f862eaa.jpeg)
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков марапаттау рәсіміне қатысып, жүлдегерлерге диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табыстады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989761-tarazda-qala-kunine-orai-futboldan-baq-okilderine-arnalgan-respublikalyq-turnir-otti/