Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстанмен жолдастық ойыннан кейін баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.
"Ойын жаман болмады. Біздің тараптан матчта көздеген эпизодтар болды. Іріктеу кезеңіне дейін ойынды өзгертуді қарастырып жатырмыз. Сондықтан кемшіліктер болып тұрады. Өзіміздің қателіктерден кейін гол жіберіп алдық. Осылардың орнын толтыру үшін бапкер ретінде маған жұмыс істеу керек. Екі жақта да гол соғатын сәттер болды. Алайда, алаң иелері жеңіске жетті. Мен оларды құттықтаймын", - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.
Сонымен қатар Магомед Адиев Бақтиер Зайнутдиновтың неліктен алғашқы минуттан алаңға шықпағанын түсіндірді.
"Бақтиердің кеше жаттығуда аздап бұлшық ет жарақаты болды. Футболшының денсаулығы ойладым. Ешқашан тәуекелге бармаймын. Негізі құрамға шығару жоспарда бар болатын. Ол жексенбі ойнап, келесі күні ұшып келді. Сол себепті онымен сөйлесіп, бір тайм ойнайды деген шешімге келдім", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997563-kemsilikter-bolyp-turady-magomed-adiev-ozbekstanga-qarsy-matc-turaly-pikir-bildirdi/