Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Аргентинаның жеңісінен соң кеудесін жалаңаштаған жанкүйер қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Футбол стадионы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Аргентина мен Франция арасындағы финалдық кездесу қызықты оқиғаларға толы болды. Әсіресе, Лионель Мессидің жеңісі жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Ал пенальти сериясы аяқталған соң, стадиондағы жанкүйер қыздардың бірі кеудесін жалаңаштаған, деп жазады The Sun басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аргентиналық бойжеткен финалдық ысқырықтан соң өз елінің жеңісіне қуанып, үстіндегі киімін шешіп тастаған. Мұны "Лусаил" стадионындағы сақшылар байқап, қызды алып кетеді.

Содан бері кеудесін жалаңаштаған қыздан хабар жоқ. Көпшілік оны түрмеге қамап тастауы мүмкін деп қауіптенуде. Себебі Катар заңы бойынша мұндай әрекеттерге тыйым салынады.

Бойжеткеннің кеудесін жалаңаштаған тұсы телеарна эфирлеріне де түсіп қалды. Жанкүйерге жазадан құтылудың бір ғана жолы бар. Егер ол ұсталған болса, үлкен көлемде айыппұл төлеу арқылы ғана түрмеге жабылмайды.

Араб елдері әйелдердің жалаңаш жүруін әсте құптамайды. Бірақ аргентиналық бойжеткен жеңістен соң өзін ұстай алмай, қуаныштан кеудесін жалаңаштаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002343-baq-argentinanyn-zenisinen-son-keudesin-zalanastagan-zankuier-qyz-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/