IFFHS нұсқасы бойынша Аргентина құрамасының капитаны және "ПСЖ" клубының шабуылшысы Лионель Месси Оңтүстік Американың 2022 жылғы үздік ойыншысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сонымен қатар Лионель Месси Оңтүстік Америка құрлығының ойыншыларынан құралған үздік құрамға да енген.
IFFHS нұсқасы бойынша 2022 жылдың үздік құрамы:
Қақпашы:
Эмилиано Мартинес (Аргентина, "Астон Вилла");
Қорғаушылар:
Николас Отаменди (Аргентина, "Бенфика"), Тьяго Силва (Бразилия, "Челси"), Кристиан Ромеро (Аргентина, "Тоттенхэм");
Жартылай қорғаушылар:
Родриго Де Пауль (Аргентина, "Атлетико"), Каземиро (Бразилия, "Манчестер Юнайтед"), Энцо Фернандес (Аргентина, "Челси"), Винисиус Жуниор (Бразилия, "Реал");
Шабуылшылар:
Неймар (Бразилия, "ПСЖ"), Хулиан Альварес (Аргентина, "Манчестер Сити"), Лионель Месси (Аргентина, "ПСЖ").
Айта кетейік, IFFHS - Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы. Ұйым 1984 жылы 27 наурызда құрылған. Қазіргі уақытта штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008382-messi-ontustik-amerikanyn-uzdik-oiynsysy-atandy/