Йован Илич "Тобыл" футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жартылай қорғаушы "сары-жасылдардың" сапында 2023 жылдың соңына дейін доп теппек", - делінген хабарламада.
23 жастағы босниялық футболшы Йован Илич өткен маусымды Сербияның екінші дивизионында өткізді.
"Нови-Сад" командасы үшін Илич 19 матчта алаңға шығып, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар ол Босния және Герцеговина жастар құрамасы сапында 5 матч өткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009390-tobyl-bosniyalyq-futbolsymen-kelisimsartqa-otyrdy/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.