Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Каспий" футбол клубының бас бапкері қызметіне белгілі еуропалық маман келді (фото)

Жарияланған күні:

ала доп
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

Ақтаулық "Каспий" клубының бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Каспий" футбол клубының жаңа бас бапкері болып македониялық маман Игор Ангеловски тағайындалды. Игор Ангеловски Солтүстік Македония ұлттық құрамасын Еуро-2020 шығарған маман. Жаңа бапкерімізбен командамызға сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақтаулық ұжымда Кахабер Цхададзе жаттықтырған еді. Алайда грузиялық маманның нәтижесі "Каспий" басшылығы мен жанкүйерлердің көңілінен шыққан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017128-kaspii-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-qyzmetine-belgili-europalyq-maman-keldi-foto/