Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" қақпасына төрт гол жіберіп, жеңіліске ұшырады

Жарияланған күні:

Винисиус
Винисиус Жуниор "Жиронаға" қарсы ойында. Фото: Twitter/Real Madrid C.F

Түнде Испания біріншілігінің 31-турында "Жирона" мен "Реал Мадрид" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Монтиливи" стадионында өткен матчта алаң иелері карольдік клубтан басым түсті. Есеп 4:2. "Жирона" сапынан аргентиналық шабуылшы Валентин Кастельянос төрт голмен көзге түсті. Ал қонақтардан Винисиус Жуниор мен Лукас Васкес гол соқты.

Осылайша, Карло Анчелоттидің шәкірттері күтпеген жерден жеңіліске ұшырап, маңызды ұпайдан айырылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта турнирлік кестеде "Барселона" 76 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға "Реал Мадрид" жайғасқан. Карольдік клубтың еншісінде 65 ұпай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2018313-real-madrid-qaqpasyna-tort-gol-ziberip-zeniliske-usyrady/