"ПСЖ" командасының шабуылшысы Лионель Месси Сауд Арабиясына рұқсатсыз кетіп қалғаны үшін клубтағы әріптестерінен кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ goal.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, Аргентина құрамасының капитаны сапардан бас тарта алмағанын айтқан.
"Ойыннан кейін әдеттегідей бізде демалыс болады деп ойладым. Сауд Арабиясына сапарды мен ұйымдастырдым, оны кейінге шегере алмадым. Бұған дейін кейінге шегергенмін. Командадағы жолдастарымнан кешірім сұраймын және клубтың шешімін күтемін", - деп келтіреді басылым Мессидің сөзін.
Еске сала кетсек, бұған дейін "ПСЖ" Сауд Арабиясына рұқсатсыз кетіп қалғаны үшін Лионель Мессиді қатаң жазалап, 14 күнге ойыннан шеттеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019662-demalys-dep-oiladym-saud-arabiyasyna-ruqsatsyz-ketken-messi-komandalastarynan-kesirim-surady/