Түнде футболдан Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Туриндік "Ювентус" өз алаңында "Севилья" клубын қабылдады. "Альянц Стадиумда" өткен матчта қонақтардың шабуылшысы Юссеф Эн-Несири 26-минутта есеп ашты. Осыдан кейін Массимилиано Аллегридің шәкірттері шабуылға иек артты. Нәтижесінде 97 минутта "Ювентус" қорғаушысы Федерико Гатти Поль Погбаның пасынан кейін есепті теңестірді.
Осылайша, "Ювентус" пен "Севилья" арасындағы алғашқы ойын тең нәтижемен аяқталды.
Сонымен қатар түнде "Рома" мен леверкузендік "Байер" шеберлік байқасты. Эдоардо Бовеның жалғыз голы Жозе Моуриньо жаттықтыратын римдіік ұжымға жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, Еуропа лигасы жартылай финалының жауапты матчтары 18 мамырда болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2020228-europa-ligasy-zartylai-finaldyn-algasqy-oiynynyn-natizesi-qandai/