Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Словениямен ойын өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Матчты Словения құрамасының хоккейшілері белсенді бастап, екінші минутта Анже Куральт есеп ашты. Оның шайбасына бірінші кезеңнің соңғы минутында қазақстандық Никита Михайлис жауап қатты.
Екінші кезеңнің басында тағы Анже Куральт мергендігімен көзге түссе, 39-минутта қазақстандық Батырлан Мұратов таразы басын екінші рет теңестірді.
Үшінші кезеңде Словения сапынан Ян Дрозг, ал Қазақстан құрамасынан Евгений Рымарев пен Максим Мухаметов гол соқты.
Осылайша, Қазақстан мен Словения арасындағы тартысты матч, 4:3 есебімен отандық хоккейшілердің пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы. Швейцариядан 0:5, Канада мен Чехиядан 1:5, Латвиядан 0:7 есебімен ұтылып, Норвегия мен Словакияны (4:3) буллит сериясында жеңді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021650-alem-cempionaty-sloveniyaga-qarsy-matcta-qazaqstan-quramasy-zenisti-zulyp-aldy/