Рикардо Кака "Қайрат" футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты алматылық клубтың баспасөз қызметі растады.
"Паоло Рикардо "Қайрат" футзал клубынан кетті. Бразилиялық маман келісімшарттың аяқталуына байланысты алматылық ұжыммен жұмыс жалғастырмау туралы шешімге келді. Рақмет Кака", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Кака "Қайрат" футбол клубын 2018 жылдан бастап жаттықтырады. Оның жетекшілігімен алматылық ұжым 242 матч өткізіп, оның 202-де жеңіске жеткен.
Сонымен қатар ол бір рет "Қайратты" Чемпиондар лигасының финалына шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021656-qairat-futzal-kluby-bapkersiz-qaldy/