Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тізімде Мбаппе, Месси жоқ": Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды

Жарияланған күні:

Эрлинг Холанд
Эрлинг Холандтың гол соққан сәті. Фото: Twitter/Manchester City

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Сити" миландық "Интерді" ұтып, чемпион атанған еді. Осыдан кейін WhoScored нұсқасы бойынша турнирдің үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды.

Жылдың үздік құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Андре Онана ("Интер").

Қорғаушылар: Алекс Гримальдо ("Бенфика"), Ким Мин Чжэ ("Наполи"), Рубен Диаш ("Манчестер Сити"), Джованни Ди Лоренцо ("Наполи").

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити"), Йозуа Киммих ("Бавария"), Федерико Вальверде ("Реал Мадрид").

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид"), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Жоау Мариу ("Бенфика").

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасының финалы Түркияның Стамбул қаласында өтті. "Манчестер Сити" мен "Интер" арасындағы ойында ағылшындық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024428-tizimde-mbappe-messi-zoq-cempiondar-ligasynyn-uzdik-oiynsylarynan-zasaqtalgan-quram-belgili-boldy/