Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайталамауға тырысыңыз": қазақ баласының гол соққанына қуанған сәті әлемдегі танымал пабликте жарияланды

Жарияланған күні:

Әлішер Келгенбай
Әлішер Келгенбай. Видеодан кадр: Instagram/433

Қазақ баласының гол соққанына қуанып, ерекше трюк жасаған жасаған сәтінің видеосы 433 Instagram тобында жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

64 миллионнан астам оқырманы бар паблик қазақ баласының видеосын алты сағат бұрын жариялады.

Аз ғана уақыттың ішінде ролик бес миллионға жуық қаралым мен 250 мыңдай лайк жинаған.

Сонымен қатар пікір білдіргендердің де қарасы көп. Олардың арасында қазақстандықтар да бар.

Кадрдан футболшы Әлішер Келгенбайдың Алматы қаласындағы орталық стадионда гол соғып, ерекше трюк жасағанын аңғару қиын емес.

"Үй жағдайында мұны қайталамауға тырысыңыз", - делінген видео мәтінінде.

Белгілі болғандай, матч медиялық футбол лигасы аясында өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024509-qaitalamauga-tyrysynyz-qazaq-balasynyn-gol-soqqanyna-quangan-sati-alemdegi-tanymal-pablikte-zariyalandy/