Қазақстан футбол құрамасы мен мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың нарықтағы бағасы көтерілді. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.
Атақты Transfermarkt сайты футболдан Ресей чемпионатында өнер көрсететін футболшылардың бағасын жария еткен.
Айта кетейік, көрші елдің біріншілігінде бес отандық футболшы өнер көрсетеді. Олардың қатарында Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА), Нұралы Әліп ("Зенит"), Марат Быстров ("Ахмат"), Александр Зуев ("Крылья Советов") және Лев Скворцов ("Химки") бар.
Соның ішінде Бақтиер Зайнутдиновтың нарықтағы бағасы рекордтық сомаға көтерілген. Жартылай қорғаушы бір миллион еуроға қымбаттаған. Қазіргі уақытта оның трансферлік құны 6,0 млн еуро деп бағалануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024813-zainutdinovtyn-naryqtagy-bagasy-rekordtyq-somaga-koterildi/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.