Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Солтүстік Ирландияға қарсы матч алдында не айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Солтүстік Ирландиямен өтетін ойын туралы пікір білдірді. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды.

Ең алдымен бас бапкер Солтүстік Ирландиямен өтетін ойыннан не күтетінін жеткізді.

"Салмақты әрі ауыр ойын күтеміз. Олар өз алаңында соңғы рет сәтсіз ойнады. Сол себепті Солтүстік Ирландия нәтижені жақсартуды ойлайтыны анық", - деді Магомед Адиев.

Осы орайда Қазақстан құрамасының бас бапкері қатарға қайта қосылған шабуылшы Абат Айымбетов туралы сөз қозғады.

"Біз үшін әр футболшы маңызды. Абат көптеген ойында нәтиже алып келді. Гол соқпаса да команда үшін бар күшін салады", - деді ол.

Магомед Адиевтің сөзінше, барлық ойыншылар қатарда.

"Ешқандай мәселе жоқ. Ойын туралы айтатын болсақ, менің ұстанымымды жақсы білесіздер. Мен әрқашан ойын теңдігін қалаймын. Алдағы кездесуде барлығы орталық алаңдағы ойынға байланысты болады", - деді бас бапкер.

Сонымен қатар ол Сан-Мариномен өтетін ойынға қатыспаған футболшылар тізімге енуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Ойланамыз. Үш ойыншы тізімге енбейді. Оның біреуі орталық қорғаушы. Менің шешімім жігіттердің көңіл-күйін түсіруі мүмкін. Бір жағынан команданың нәтижесі, екінші жағынан жігіттердің реніші. Алайда, мен қиын сәтте де өз ұстанымымнан бас тартпаймын", - деді Магомед Адиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025465-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-soltustik-irlandiyaga-qarsy-matc-aldynda-ne-aitty/