Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы Конференция лигасының іріктеуіндегі үшінші кезеңде Румынияның "Сепси" командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан құрамасы бұл кездесуді қарсыластардың алаңында өткізді. Матч Сфынту-Георге қаласында өтті. Екі жақ команда да бір-бірінен кем түспей, ақыры матч 1:1 есебімен аяқталды.
Екі футбол құрамасы да голын екінші таймда соққан. Бірінші болып "Ақтөбе" ойыншылары гол соғып, алға шықты. 65-минутта Элдер Сантана көзге түсті.
Алаң иелері матч уақытының соңында ғана есебін теңестіре алды. Голды 89-минутта Роланд Варга соққан.
Айта кетейік, жауапты матч 17 тамызда өтеді. Алдағы кездесуде жеңген футбол клубы турнирдің іріктеу кезінде плей-офф кезеңіне өтіп, "Буде-Глимт" (Норвегия) - "Пюник" (Армения) жұбын жеңген командамен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2032059-aqtobe-konferenciya-ligasynyn-birinsi-oiynynda-plei-off-kezenine-otu-usin-sepsimen-matc-otkizdi/