"Манчестер Юнайтед" ойыншысы Антони Бразилия құрамасына шақырту алған жоқ. Бұған оның отбасында зорлық-зомбылық көрсетуі себеп болған, деп жазады rsport.ru.
Футболшының сүйіктісі Габриэла Каваллин мәлімдеме жасап, 2022 жылдың маусымы мен 2023 жылдың мамыры аралығында Антони өзіне күш көрсеткенін айтқан.
Каваллинннің мәліметінше, футболшы соңғы рет оған стаканды лақтырып жібереді. Футболшыдан қорғанбақ болған қыз қолын кесіп алғанын жеткізді.
Қазіргі таңда полиция тергеуді бастады.
"Шабуылшы Антониге қатысты жарияланған соңғы мәліметтерге қатысты тергеу жүргізілуі қажет. Сондықтар спортшы Бразилия құрамасының тізімінен шығарылды", - делінген хабарламада.
Антонидің орнына "Арсенал" ойыншысы Габриэль Жезус шақырту алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2035336-suiiktisine-zorlyq-korsetken-aigili-futbolsyny-braziliya-quramasynan-sygaryp-tastady/