Футболдан Франция құрамасының мен италиялық "Ювентус" ойыншысы Поль Погбаның допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Франциялық футболшының допинг сынамасынан тестостерон табылған. Бұл туралы алдымен Италияның допингке қарсы агенттігі мәлімдеді.
Осыдан соң Погба уақытша ойыннан шеттетілді.
Футболшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткені туралы Италия чемпионатының алғашқы турында, "Ювентус" пен "Удинезе" арасындағы кездесуден соң белгілі болған.
Поль Погба 30 жаста. Ол 2018 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
Сондай-ақ Еуропа лигасының жеңімпазы, Италияның төрт дүркін чемпионы саналады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2036183-franciyalyq-alem-cempiony-pol-pogba-doping-qoldangany-usin-oiynnan-settetildi/