Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"90 минут бойы бейәдеп сөздер жаудырды": Елдос Ахметов сынға ұшыраған Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді

Жарияланған күні:

футболшы
Елдос Ахметов. Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Елдос Ахметов жанкүйерлердің сынына ұшыраған ұлттық команданың капитаны Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Асхат — керемет ойыншы. Ол футбол үшін, ел үшін, қазақтар үшін жанын беретін ұлттық құраманың капитаны. Кеше "Ақтөбе" жанкүйерлерінің әрекеті дұрыс болмады. Жанкүйерлер тарапынан болған араңдатушылық ойынға дейін басталған. Қазір желіде Асхат голды бірінші болып тойлағандай айтылып жатыр. Бұл өтірік. Мен де, бүкіл команда да жанкүйерлердің араңдатушылығына куә болдық. Ересек азаматтар 90 минут бойы бейәдеп сөздер жаудырды", - деп жазды Елдос Ахметов Instagram желісіндегі stories бөлімінде.

Айта кетейік, бұған дейін "Ақтөбе" мен "Ордабасы" клубтарының арасындағы кездесуде ақтөбелік жанкүйерлер қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергенге бейәдеп сөз айтқанын жазған едік. Келеңсіз жағдай видеоға түсіп, желіге тарап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2037039-90-minut-boiy-beiadep-sozderdi-zaudyrdy-eldos-axmetov-synga-usyragan-asxat-tagybergenge-qoldau-bildirdi/