Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арсенал" - "Тоттенхэм": Артета мен Постекоглудың жаттықтырушылық дуэлі

Жарияланған күні:

Арсенал vs Тоттенхэм
Изображение: Parimatch Kazakhstan

Осы жексенбі күні кешке жанкүйерлерді Солтүстік Лондон дербиі күтеді: "Арсенал" өз алаңында қасарысқан қарсыластары "Тоттенхэмді" қабылдайды. Оған қоса, отқа май құйғандай, екі команда да осы маусымдағы АПЛ-да жеңіліс көрмей келеді. Сонымен, бұл түбегейлі кездесуде бізді не күтіп тұр?

"Арсенал"

"Фулхэммен" тең ойынды есепке алмағанда, "кононирлер" жаңа маусымда өткен маусымдағы деңгейін ұстап келеді. Артетаның команданы фирмалық қысымға алуы, ойынның негізгі сәттерінде жинақталып шайқасуы және соңында "MЮ"-ді талқандауы – бәрі де ойдағыдай! Кай Хавертц болса, әлі күнге дейін әсерлі ойын көрсетіп жүрген жоқ, ұлты неміс спортшысының есебінде 0 гол және 0 ассист бар. Бірақ Деклан Райс командаға аз уақытта айрандай ұйып қосылды: қорғаушы қорғаныста да, шабуылда да жақсы өнер көрсетуде.

Артета кезіндегі "канонирлердің" стилі – қарсыласқа үнемі қысым жасау және бірінші болып шабуылдау. Сонымен, бірінші гол олардың атында болады деп күтуге болады – Parimatch сарапшылары мұндай нәтижеге 2.26 коэффициентін береді. Дегенмен, өз ойын алаңы емес пе?

"Тоттенхэм"

"Шпорлар" жаз бойы қатты өзгеріп кетті. Анга Постекоглу кезінде команда 4-2-3-1 схемасы бойынша қысым жасап ойнауды тез игерді және қазір қатарынан 4 жеңіс сериясымен келе жатыр. Мұндай қарқынмен жалғасатын болса, "бағындыра алмаған шың" деген сөз тіркесі өзекті болмай, ал жанкүйерлер бас жаттықтырушының тегін еш қиындықсыз айта алатын болады.

"Тоттенхэм" шабуылда жақсы ойын көрсетіп, тәуекелге барудан қорықпайды. Бұл жағдай, көптеп жіберіп алған голдарға әкеледі, әсіресе қонақ алаңында: "Шпорлар" өткізілген 10 матчтың 8-інде өздері гол соғып, алаң иелеріне де гол соғуға жол берді. Сарапшылар бұл матчта екі команда да гол соғады деп санайды: мұндай нәтижені олар 1.57 коэффициентімен бағалады.

Parimatch аналитикасы мен болжамы

Құрамы мен класы бойынша "Арсенал" "Тоттенхэмге" қарағанда едәуір мықты, сондықтан ол кездесудің айқын фаворитіне ұқсайды. Бұл түйінмен Parimatch сарапшылары да келіседі: "канонирлердің" жеңіске жету коэффициенті 1.74-ке, ал қарсыласының мүмкіндігін 4.40-қа теңестірген.

Бірақ бұл матч бір жақты болады дегенді білдірмейді. Солтүстік Лондон дербиі – бұл жетек, эмоция және голдардың көптігі. Parimatch сарапшылары бұл кездесуде 3-тен астам гол соғылады деп санайды: олар бұл нәтижені 1.87 жомарт коэффициентімен бағалаған.

Сарапшылармен келісесіз бе, әлде өз болжамыңызды жасағыңыз келе ме? Parimatch-пен бірге ұтыс тігіп, шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 150 000 теңгеге дейін бонус алыңыз!

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2037745-arsenal-tottenxem-arteta-men-postekogludyn-zattyqtyrusylyq-dueli/